Әлімханұлының допинг-тесті: істің жаңа мән-жайлары белгілі болды

11:39, 20 қаңтар 2026

© Сурет: twitter/qazaqstyle

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг-тест нәтижесіне байланысты іс бойынша қайта тыңдау тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді.

"Қоғамдық кеңістікте кәсіби боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасының оң нәтижелері мен осы іс бойынша тыңдаулардың талқылануына байланысты түсіндірме беруді қажет деп санаймын", – деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының тәртіптік комиссиясы алғашқы тыңдауды өткізген. Оның мақсаты істің материалдары мен рәсімдерін бастапқы тұрғыда бағалау болған, яғни асығыс шешім қабылдау көзделмеген.

Осы кезеңнің өзінде-ақ істі формалды түрде қарауға болмайтыны және оған қосымша медициналық, сараптамалық әрі құқықтық баға беру қажет екені анықталған.

"Осыған байланысты 23 қаңтарға қайта тыңдау өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл – күрделі допинг істерінде халықаралық деңгейде қолданылатын қалыпты тәжірибе. Атап өткім келеді: допинг сынамасының оң нәтижесі спортшының қасақана әрекетін немесе елеулі кінәсін автоматты түрде дәлелдемейді. Комиссия істі халықаралық спорт құқығында мойындалған No Significant Fault or Negligence қағидатын ескере отырып қарайды", – делінген хабарламада.

Рахымжан Ерденбеков барлық рәсімдер толық аяқталғанға дейін комиссия түпкілікті қорытынды жасаудан бас тартатынын атап өтті. Барлық шешімдер тек нақты деректерге сүйене отырып, әділдік пен халықаралық стандарттар қағидаттарын сақтай отырып қабылданады.

"Қайта тыңдау 23 қаңтарда өтеді", – деп жазды Ерденбеков Instagram желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін Милан-2026 қысқы Олимпиадасына қатысатын Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!