Елге заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады
© Сурет: pixabay
Елге заңсыз енген телефондар бұғатталады. Жаңа ереже күшіне енді. Мобильді құрылғылар үш санатқа жіктеледі. Заңды түрде тіркелгендері – ақ, күмәнділері – сұр, ал елге заңсыз әкелінген я ұрланған байланыс құралдары қара тізімге енеді.
Әрбір телефонның IMEI коды болады. Бұл 15 таңбалы бірегей нөмір. Яғни, құрылғының жеке куәлігі. Смартфонның моделі, сериясы, қай жақта шығарылғаны осы сандарда жазулы. Әдетте, бұл код девайс қорапшасының артында тұрады. Оны *#06# нөмірін теріп те біле аласыз, деп жазады qazaqstan.tv.
IMEI код арқылы телефонның заңдылығын тексереміз. Ол телефон бұған дейін ұрланған болды ма, немесе ол біреудің жоғалған телефоны болды ма деп соны тексере аламыз. Телефонның қорапшасындағы IMEI код пен, телефонның параметріндегі IMEI кодтың сәйкестігін де тексерген абзал. Шыңғыс Ерболат, IT-маман
Мамандардың дерегінше, Қазақстанда 3.7 млн телефонның IMEI коды қайталанады. Ал мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева заңсыз әкелінген құрылғылардан мемлекет былтыр 100 млрд теңге көлемінде салық жоғалтқанын айтты. Мұның алдын алу үшін бүгіннен бастап жаңа ереже күшіне енді. Күмәнді телефондар сұр тізімге енгізіліп, иесіне хабарлама келеді. Ол 30 күн ішінде телефонның заңдылығын дәлелдемесе, құрылғы қара тізімге өтеді.
"Дәлелдеу үшін сіз ол телефонның құжаттарын көрсету керексіз. Бұл телефон рас, сатып алынған. Яғни, сіздің атыңызда. 30 күн өткеннен кейін де дәлелдеу құжаттарын әкелетін болса бұл қара тізімнен ақ тізімге ауыстыратын боламыз. Мүмкіндік болады, егер де бұл телефон заңды түрде сатып алынған, заңды түрде еліміздің аумағына енген болса." Азамат Серіктаев, ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің басқарма басшысы
Ал қолданыстағы телефондардың барлығы дерлік ақ тізімге енеді. Жаңа ереже тек 24 наурыздан бастап сатылатын құрылғыларға қатысты. Сондықтан смартфон алмас бұрын оның IMEI кодын тексеріп, құрылғының заңды екеніне көз жеткізуді ұмытпаңыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:23, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
-
21:07, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
21:04, 26 наурыз 2025
Тоқаев «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» жарлыққа қол қойды
-
20:52, 26 наурыз 2025
Астанада Қадыр түніне орай шаттл маршруттары іске қосылады
-
20:19, 26 наурыз 2025
АЭС бойынша келіссөздер аяқталуға жақын: Қазақстан KHNP компаниясымен кездесу өткізді
Танымал жаңалықтар
-
12:30, 26 наурыз 2025
-
09:40, 26 наурыз 2025
-
10:13, 26 наурыз 2025
-
12:43, 26 наурыз 2025
-
11:57, 26 наурыз 2025
-
10:31, 26 наурыз 2025
-
11:23, 26 наурыз 2025
-
11:34, 26 наурыз 2025
-
09:51, 26 наурыз 2025
-
09:33, 26 наурыз 2025
-
09:02, 26 наурыз 2025
-
10:40, 26 наурыз 2025
-
10:02, 26 наурыз 2025
-
10:25, 26 наурыз 2025
-
09:22, 26 наурыз 2025