Елена Рыбакина былтырғы тағы бір чемпиондық атағын қорғаудан бас тартты

20:26, 10 мамыр 2024

© Фото: zakon.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Рим турниріндегі өткен жылғы чемпиондық атағын қорғаудан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Өкінішке қарай, мен жарысқа қатысу үшін өзімді жақсы сезінбеймін. Менде өткен жылғы турнир туралы жақсы естеліктер қалды. Мен титулды қорғауды асыға күттім. Рим-мен үшін ерекше қала. Мен келесі жылы атағымды қайтарып, итальяндық жанкүйерлер алдында өнер көрсету үшін оралуды асыға күтемін".

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!