Әлемдік балет жұлдыздары Қазақстанда өнер көрсетеді
© Сурет: ұйымдастырушылар
Алматы мен Астанада 2025 жылғы 21 және 23 қарашада Freedom Festival IV өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фестивальде классикалық және заманауи балет жұлдыздары өнер көрсетеді.
Фестиваль "Астана Опера" театры ұсынатын "Пахита" балетімен ашылады, жетекшісі – Алтынай Асылмұратова.
Ал екінші бөлімде Қазақстанда Berlin Ballet Company ұжымы CHOREO X бағдарламасымен алғаш рет өнер көрсетеді.
Бұл бағдарламада Дэвид Доусон, Марко Гекке, Начо Дуато, Анжелен Прельжокаж, Аршак Галумян және басқа да хореографтардың жаңаша көзқараста ұсынылған қойылымдары қамтылған.

Сурет: ұйымдастырушылар
"Freedom Festival өнердің түрлі жанрлары мен түрлерін, өзіндік шығармашылық ойды біріктіретін ерекше дәстүрге айналды. Биыл фестиваль балет өнеріне жаңа қырынан қарауға мүмкіндік беріп отыр. Сахнада "Астана Опера" театры дирижер Елмар Бөрібаевтың жетекшілігімен "Пахита" классикалық қойылымын ұсынады, ал екінші бөлімінде көрермендер Berlin Ballet Company ұжымының хореографиядағы заманауи және батыл шешімдерін тамашалайды. Мұндай үйлесім классика мен заманауи бағыттың диалогын, шабыт пен бірлікті бейнелейді".Freedom Finance Global директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Лукьянов
Дәстүр бойынша фестиваль аясында заманауи өнер көрмесі өтеді. Биылғы фестивальдің арнайы қонағы – халықаралық арт-сахналарда Қазақстан мен Өзбекстан атынан шығып жүрген танымал суретші Әзиза Шаден. Ол Өзбекстан Мәдениет пен өнерді дамыту қорының қолдауымен жасалған, алғаш рет Бұхара Биенналесінде көрсетілген бейнеинсталляциясын ұсынады. Бұл жұмыс Қазақстанда алғаш рет көрсетілмек.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:13, 17 наурыз 2026
Қытай мен Түркия Қазақстандағы референдумға қатысты мәлімдеме жасады
-
15:07, 17 наурыз 2026
Тоқаев ел тарихында алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасалатынын мәлімдеді
-
14:55, 17 наурыз 2026
Президент Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық Коалиция мүшелеріне ризашылығын білдірді
-
14:52, 17 наурыз 2026
Президент: Жаңа Ата Заң – қуатты Қазақстанның жаңа Жарғысы
-
14:42, 17 наурыз 2026
Ел президенті ретінде Конституция ережелерінің мүлтіксіз орындалуы үшін бар күш-жігерімді саламын – Тоқаев





