Әлемде күріш арзандады

12:54, 25 наурыз 2025

© Сурет: pixabay

Өйткені Үндістан өнім экспортына шектеуді алып тастады. Бұл шектеу 2022-жылы енгізілген еді.

Ол инфляцияны тежеп, ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін жасалған. Содан баға шарықтап, өнім тапшылығы туындады.

Себебі Үндістан Қытайдан кейін әлемде күріштің ірі өндірушісі саналады, деп жазады 24.kz.

Енді жергілікті билік экономикалық қиындықтарға байланысты фермерлердің табысын көтеру үшін ауыл шаруашылығы тауарларының экспортын арттыруға ниетті.

Былтыр қаңтарда күріштің бір тоннасы біздің ақшамен 337 мың теңге тұрса, қазір 204 мың теңгеге дейін арзандаған.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!