Елдос Сметов ұзақ үзілістен соң Grand Slam турнирінің жүлдесі үшін күреседі

17:07, 10 мамыр 2024

© Сурет: olympic.kz

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күнінде Елдос Сметов жүлдеге таласады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

60 келі салмақта белдескен Сметов ширек финалда ресейлік Рамазан Абдулаевқа есе жіберген болатын.

Жұбаныш белдесуінде Елдос түркменстандық Айбек Өміровты "иппон" ұпайымен жеңді.

Осылайша, біраз уақыттан бері ірі жарыстарда жүлде алмаған Сметов Grand Slam турнирінің қола медалі үшін күреседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!