Экология министрі броконерлер қолынан қаза тапқан инспектордың туған-туыстарына көңіл айтты

16:33, 23 шілде 2019

"Лос-Анджелес Гэлаксидің" швециялық футболшысы Златан Ибрагимович "Лос-Анджелес" ойыншысы Мохаммед Эль-Монирдің жағын сындырды. Оқиға америкалық MLS чемпионаты аясындағы матч барысында болған, – деп хабарлайды Хабар 24.

Лос-Анджелестің екі командасы 19-маусымда кездескен. Матч "Гэлаксидің" пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Бұл ойында Ибрагимович хет-трик авторы атанды.

Ойын барысында 37 жастағы форвард әуедегі допқа талас кезінде қарсыласын шынтағымен ұрып жіберген. Салдарынан Эль-Монирдің бет сүйегі сынған. Сол сәттің видеосы мен жарақаттанған футболшының рентген суретін "Нью-Йорк Ред Буллс" ойыншысы Армо Тарек Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Эль-Монирге енді ота жасалады, футболшы үшін маусым ерте аяқталды.

https://twitter.com/AmroAbdelAziz/status/1153139567995826176


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!