Екібастұзда полиция жол апаты мен ұрлықтың алдын алуға күш салуда
© Фото: Zakon.kz
Екібастұз қаласында патрульдік полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігімен қатар, мүліктік қылмыстардың алдын алуға да ерекше назар аударып отыр.
Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3155 дерегін анықтап, жолын кесті. Сонымен қатар қала автопаркының техникалық жағдайы да бақылауда.
Әсіресе көліктерді заңсыз қайта жабдықтау мәселесіне баса мән берілуде. Осы уақыт аралығында мұндай 104 құқық бұзушылық тіркелді.
Осыған байланысты Екібастұз қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Руслан Сүлейменов түсініктеме берді.
"Сертификаттаудан өтпеген өзгерістер жүргізушіге де, айналасындағыларға да тікелей қауіп төндіреді. Күнделікті патрульдер ұрлықтың алдын алуға, аула аумақтары мен меншік нысандарын бақылауға, жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі тәртіпті сақтауға және кез келген құқық бұзушылықтың жолын кесуге бағытталған", — деді Руслан Сүлейменов.
Полиция өкілдері басты мақсат — тек жазалау емес, құқық бұзушылықтың алдын алу екенін атап өтті. Тәртіп сақшылары азаматтарды заң талаптарын сақтауға және жауапкершілік танытуға шақырады.
Айта кету керек, көлік құралының құрылымына енгізілген кез келген өзгеріс міндетті түрде ресми тіркеуден өтуі тиіс. Ал жол қозғалысы ережелерін сақтау — әрбір жүргізушінің жеке жауапкершілігі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:00, 14 мамыр 2026
Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумында не айтты
-
18:46, 14 мамыр 2026
Қазақстанда бір мезетте қар, -3°С суық және +35°С аптап ыстық күтіледі
-
18:34, 14 мамыр 2026
Алматыда өтіп жатқан Қазақстан кубогында грек-рим күресінен барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды
-
18:15, 14 мамыр 2026
Алматыда бір көшеде түнде қозғалыс шектеледі
-
18:13, 14 мамыр 2026
Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті





