Екі жасөспірім бүкіл Қазақстан бойынша іздестіріліп жатыр: себебі белгілі болды
© Фото: zakon.kz
Әлеуметтік желілерде Қостанай облысының полициясы екі жасөспірімді бүкіл ел аумағында іздестіріп жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Себебі – Рудныйда жасалған кісі өлтіру дерегі. Бұл мәліметті бүгін, 2026 жылғы 23 қаңтарда, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Tobol_info басылымының жазуынша, іздестіру парақшасында көрсетілген мәліметке сәйкес, аса ауыр қылмысты 2009 және 2008 жылы туған екі жасөспірім жасаған. Ресми емес деректер бойынша, олар 2006 жылы туған жасөспірімді өлтірген. Қазіргі таңда Рудный полиция басқармасы күдіктілерді іздестіру бойынша бағдарлау парақшасын таратқан.
"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлғалар анықталды. Оларды ұстау мақсатында бүкіл Қазақстан аумағындағы полиция жеке құрамы бағдарланды, тиісті шаралар қабылданып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жұма күні.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:34, 19 ақпан 2026
Шорт-трек: Денис Никиша Олимпиаданың жартылай финалына өтті
-
22:51, 18 ақпан 2026
Гвардейск гарнизонынан шыққан шу: төрт басшы қызметінен кетті
-
22:41, 18 ақпан 2026
«Жаңбыр соңы қарға ұласады». 19 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:47, 18 ақпан 2026
Миланда кездесіп қалған Михаил Шайдоров пен Снуп Догг билей жөнелді
-
21:36, 18 ақпан 2026
Ұлттық Банк жаңа коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады





