ЕХРО көрмесінде Мажарстан елінің ұлттық күні тойланды

22:50, 18 тамыз 2017

Дәстүрлі киім киген мажарлық өнерпаздар қыпшақтардың тұрмыс-салтын көрсетіп, ұлттық музыкасын орындады. 412 шаршы метр аумақты алып жатқан павильонда табиғи ресурстарға басымдық берілген.

Яғни күн, жел және судан қуат алатын тың жаңалықтарын бейне роликтер арқылы көрсетіп береді. Айта кету керек, бүгінде Будапешт көшелерінде бензинмен емес, тоқпен қуатталатын автобустар жүйткиді. 

Джордж Косса, Экологиялық көлік шығаратын компания басшысы:

-Біз электр энергиясы арқылы жүретін автобустарды шығара бастадық. Бұл қоршаған ортаны ластамайтын экологиялық таза көлік. Жасыл технологияның дамуына осылайша өз үлесімізді қоспақпыз. Ал ЕХРО-2017 көрмесі арқылы жаңа жобалармен танысуға мүмкіндік туды. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!