Эфиопия көшелеріндегі жыртқыштар тұрғындарға жылына 100 мың доллар үнемдеуге қалай көмектеседі
© Сурет: pexels
Жаңа зерттеу көрсеткендей, Мекеле қаласында қорқау қасқырлар мен басқа да өлексемен қоректенетін жануарлар қалдықтарды жою саласына көмектесіп, көмірқышқыл газының бөлінуін азайтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
DiscoverWildlife мәліметінше, Эфиопияда қорқау қасқырлар мен айдарлы құзғындар сияқты "қалалық тазалаушылар" жыл сайын мың тоннадан астам көмірқышқыл газының атмосфераға таралуының алдын алады. Олар мұны жай ғана өлекселерді жеп қою арқылы жүзеге асырады. Мұндай жануарлар Эфиопияның ірі қалаларында жиі кездеседі – олар көзге көп түсе бермей, қолжетімді қорекпен күнелтеді.
Қаладағы 660 мың тұрғын жыл сайын жалпы саны бір миллионнан астам тауық, ешкі және қой сояды. Соның қалдықтарының шамамен үштен екісі жол жиегіне немесе ашық жерлерге тасталады. Бұл қалдықтар шіріп, метан мен көмірқышқыл газы сияқты парниктік газдарды бөледі. Ал өлексемен қоректенетін жануарлар осы қалдықтарды жеп, көміртектің қоршаған ортаға таралуын азайтуға ықпал етеді.
Зерттеуге сүйенсек, қалада жыл сайын шамамен 1240 тонна ет қалдығы пайда болатыны анықталды. Бұл шамамен 31 мың тірі қойдың салмағына тең. Оның жартысына жуығын қорқау қасқырлар, қаңғыбас иттер және африкалық қасқырлар жейді.
Осы жануарлардың арқасында жыл сайын шамамен 1063 тонна көмірқышқыл газының ауаға таралуының алды алынып, қалдықтарды басқару саласы шамамен 100 мың АҚШ долларын үнемдейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:22, 17 наурыз 2026
Павлодар облысында қос азаматтықпен жүрген әйел анықталды
-
13:14, 17 наурыз 2026
Мысырлық археологтар су астында қалған 80 тонналық шамшырақтың құпиясын ашуда
-
13:08, 17 наурыз 2026
Қарағанды облысында ұрлықты кәсіп еткен күдікті ұсталды
-
12:57, 17 наурыз 2026
45 мың теңгелік iPhone 17 Pro Max: Шымкентте алаяқтық жасаған күдікті құрықталды
-
12:48, 17 наурыз 2026
Қытайлық құрылысшылар ұзындығы 28 метр болатын алып тіршілік иесінің қалдықтарын тапты





