Джо Байден Рождество қарсаңында Ақ үй қалай безендірілгенін көрсетті

10:20, 7 желтоқсан 2022

© Сурет: Twitter.com/FLOTUS/

Америка құрама штаттарының 46-президенті Twitter-де Ақ үйді безендіріп тұрған Рождество әшекейлерін көрсетті. Онда 77 шырша бар. Бірінші ханым әдетте мерекеге орай президент резиденциясын безендіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жылдың ең ғажайыпқа толы кезі келе жатыр", - деп жазды америкалық көшбасшы видеоға.

Президенттің әйелі Джилл Байденнің өзі хабарлағандай, биылғы безендіру тақырыбы - "We the people" ("Біз адамбыз"). Жаңа жылдық безендіруді енді 50 000-нан астам адам көре алады. Өйткені коронавирус пандемиясынан бері алғаш рет Ақ үйдің есігі келушілер үшін ашық болады.

Ақ үйді безендіру үшін 77 шырша мен 25 гүл әкелінді. Оған қоса сәндеуге 83 615 мерекелік шам пайдаланылды.

Ақ үйдің көгілдір бөлмедегі басты шыршасына әр штаттың мемлекеттік құс рәміздері ілінген. Ал шыршаның астында бұтақтардан құстың ұясы салынған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!