Джей Ло концертінің билет дауына қатысты Ticketon директоры мәлімдеме жасады
© Сурет: pixabay
12 сәуірде Ticketon басшысы Алексей Ли Дженнифер Лопестің Қазақстандағы концертінің билеттерімен байланысты жағдай бойынша бірнеше ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдымен 11 сәуірде билеттер сайтының әкімшілігі көрермендерге Джей Ло концертінің билеттері тек ticketon.kz арқылы сатылатындығын ескертті. Сондай-ақ олар сайттың істемей қалуының себебін атады.
12 сәуірде сайттағы даулы жағдайға байланысты Ticketon басшысы Threads парақшасында түсініктемелер жариялады. Оның айтуынша, бұл жағдайға бірқатар кемшілікті ескермеген "технарлар" кінәлі.
"Салдарынан брондалған тапсырыстар көп болып, билеттердің екі реттен сатылу қаупі туындаған. Біз бұл жайтты байқағанда бірден сатылымды тоқтатып, түні бойы "көшірмеленген билеттерді" анықтаумен болдық, делдалдарды "жойып" және әр клиент үшін шешім іздедік", – деп жазады Ticketon басшысы.
Сондай-ақ, оның жазбасынан белгілі болғандай, билет сатылымын дұрыс тіркегендерге Ticketon командасы арнайы ваучерлер жолдай бастайды, ал 200 адам, тіпті концертке тегін қатыса алатын көрінеді.
"Мен шын жүректен кешірім сұраймын. Бұл билет сату қызметін ұсынатын бір де бір қазақстандық сервис басынан өткермеген әрі оқулықта айтылмайтын тәжірибе болды. Біз, әлбідетте бұдан мықты бола түсеміз және Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі отандық сервис болуы үшін өз қателіктерімізден сабақ алуға дайынбыз. Барлықтарыңызға шыдамдылық танытқандарыңыз әрі қолдау білдіргендеріңіз үшін рақмет", - деп қорытындылайды өз сөзін Ticketon директоры Алексей Ли.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:43, 17 сәуір 2025
Тоқаев пен Путин энергетика саласындағы ықпалдастық туралы сөйлесті
-
23:12, 17 сәуір 2025
Астана әкімдігі мектеп бітірушілерге қатысты шектеулер туралы ақпаратқа түсінік берді
-
22:42, 17 сәуір 2025
Атырау облысында полицейлер өртеніп жатқан үйден ер адамды алып шықты
-
22:19, 17 сәуір 2025
Қазақстандық хоккейшілер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алдында Венгрия құрамасын жеңді
-
21:59, 17 сәуір 2025
Теміртауда жедел жәрдем фельдшері әріптесін сабап ауруханаға түсірді
Танымал жаңалықтар
-
11:46, 17 сәуір 2025
-
10:46, 17 сәуір 2025
-
11:30, 17 сәуір 2025
-
12:11, 17 сәуір 2025
-
11:59, 17 сәуір 2025
-
14:10, 17 сәуір 2025
-
12:38, 17 сәуір 2025
-
14:22, 17 сәуір 2025
-
13:59, 17 сәуір 2025
-
15:55, 17 сәуір 2025
-
12:23, 17 сәуір 2025
-
11:18, 17 сәуір 2025
-
15:11, 17 сәуір 2025
-
13:12, 17 сәуір 2025
-
09:34, 17 сәуір 2025