Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Әлем кеңесінің құрамына шақырды
© Фото: akorda.kz
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстанды Әлем кеңесіне шақырды. Бұл туралы ҚР президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Руслан Желдібайдың айтуынша, президент Дональд Трамптан Мемлекет басшысының атына ресми шақыру келіп түсті. Бұған дейін бірқатар елдің басшылары мұндай шақыру алғанын мәлімдеген еді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзі көшбасшыларының арасында алғашқылардың бірі болып Әлем кеңесі құрамына кіруге, ал еліміз аталған ұйымның құрылтайшыларының бірі болуға ресми шақыру алды. Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне хат жолдап, шынайы ризашылығын білдірді және жаңа бірлестіктің құрамына енуге келісетінін жеткізд", – деп хабарлады президенттің көмекшісі.
Сонымен қатар, Руслан Желдібайдың айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенім мен жаһандық тұрақтылықты бекітуге үлес қосуға ниетті екенін растады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 23 желтоқсанда белгілі болғандай, ұзақ әңгімеден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Қазақстанға келуге шақырған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 10 наурыз 2026
Түркістанда полицейлер ветеринария заңнамасын бұзған 30-ға жуық тұрғынды анықтады
-
22:30, 10 наурыз 2026
11 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:56, 10 наурыз 2026
Ақсу ферроқорытпа зауытында дауылдан түтін мұржасының бір бөлігі құлады
-
21:09, 10 наурыз 2026
Тоқаев Таяу Шығыстағы тағы бір шабуылды айыптады
-
20:58, 10 наурыз 2026
11 наурызда астаналық оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды





