Димаш Құдайберген жағымды жаңалықпен бөлісті

09:46, 6 наурыз 2025

© Сурет: ип

Димаш Құдайберген 2025 жылғы 5 наурызда жанкүйерлерін жағымды жаңалықпен қуантты. Ол жақын арада су жаңа туындысының жарыққа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Love Is Not Over Yet әннің премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда, ал бейнеклип Димаштың YouTube арнасында жарияланады.

Әншінің айтуынша, роликті Астана уақытымен 20:00-ден бастап көруге болады. Бұл ретте ол жанкүйерлерінен өз әсерлерімен бөлісуді сұрап, олардың қолдаулары үшін алғысын білдірді.

"Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын",- деп қосты әнші.

Жанкүйерлер әншіні премьерасымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді:

  • О керемет, міндетті түрде тыңдаймыз)
  • Тамаша, асыға күтіп жүрмін!
  • Жаңа туынды құтты болсын, биік белестерден көріне бер!
  • Қайда жүрсең де аман жүр...

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жаңа әнін әлемнің түрлі еліндегі жанкүйерлері асыға күтіп отырғандығы хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!