Дэвис кубогі: Қазақстан – Монако матчында алғашқы ойын күнінен кейін есеп тең

18:43, 6 ақпан 2026

© Сурет: ktf.kz

Астанада Дэвис кубогінің әлемдік 1-топ плей-офф кезеңі аясында Қазақстан мен Монако құрамалары арасындағы матчтар басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын күнін Александр Бублик пен Уго Нис арасындағы кездесу ашты. Матч қазақстандық теннисшінің айқын басымдығымен – 6:0, 6:3 есебімен аяқталды.

Одан кейін кортқа Александр Шевченко шықты. Ол қарсылас құраманың көшбасшысы, әлемнің 27-ракеткасы Валантен Вашромен шеберлік байқасты. Бұл жолы жеңіс Валантенге бұйырды, ол 6:0, 6:3 есебімен ұтты.

Еске салайық, ертең, 7 ақпанда, ойын күні жұптық кездесумен басталады: Александр Бублик / Бейбіт Жұқаев жұбы Роман Арнеодо / Уго Нис дуэтіне қарсы ойнайды.

Бұдан кейін тағы екі жекелей матч жоспарланған: Александр Бублик — Валантен Вашро, Александр Шевченко — Уго Нис.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!