Дене салмағының қалыпты деңгейі қатерлі ісік қаупін азайтады - дәрігер кеңесі
© Сурет: freepik
Өз денсаулығына мән беретін адамдарда қатерлі ісікке шалдығу қаупі төмен болады. Ғалымдардың айтуынша, дене салмағын қалыпты деңгейде ұстау онкологиялық аурулардың 13 түрінің даму қаупін азайтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Артық май тіні жасушалардың ДНҚ-сын зақымдап, қатерлі ісіктің пайда болуына түрткі болуы мүмкін. Сонымен қатар семіздік кезінде эстроген жыныс гормонының деңгейін арттыратын ферменттер көптеп түзіледі. Ал эстроген гормонға тәуелді ісіктердің өсуін ынталандырады. Бұл туралы Мадридтегі М. Д. Андерсон атындағы онкологиялық орталықтың эндокринологы Маркос Лахера El Español басылымына берген сұхбатында айтты.
"Гиперинсулинемия, яғни инсулин деңгейінің жоғары болуы және семіздік кезінде инсулинге ұқсас өсу факторының артуы да қатерлі ісіктің дамуына ықпал етеді", – деп ескертті эндокринолог.
Лахераның айтуынша, семіздік лептин мен резистин сияқты гормондардың тепе-теңдігін бұзып, ішек микробиотасының құрамын өзгертеді. Бұл құбылыс ішек дисбиозы деп аталады және ішектегі пайдалы әрі зиянды бактериялардың арақатынасының өзгеруін білдіреді. Дисбиоз қабыну үдерісін күшейтіп, иммундық жүйенің жұмысын әлсіретуі мүмкін, ал бұл өз кезегінде онкологиялық аурулардың қаупін арттырады.
Бұған дейін X вирусы 2026 жылы жаңа пандемияға себеп болуы мүмкін екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:06, 21 қаңтар 2026
ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған
-
15:54, 21 қаңтар 2026
21 қаңтардағы саудада доллар бағамы төмендеді
-
15:42, 21 қаңтар 2026
Екібастұздағы Деректерді өңдеу орталығы аңғарының құрылуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
-
15:36, 21 қаңтар 2026
Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО тізіліміне енгізу ұсынылды
-
15:23, 21 қаңтар 2026
Қазақстанда медициналық қызметті лицензиялаудың 5 жылдық мерзімін енгізу жоспарлануда





