Дәлелдей алмайсың деді: маңғыстаулық ана өз шындығын айтты
Бала-шағасын шырылдатып, күштеп көлікке мінгізбек болған әйелдің оқиғасы өз жалғасын тапты. Еуразия бірінші арнасына балалардың анасы хабарласып, өз шындығымен бөлісті. Оның айтуынша, бұрынғы жолдасы перзенттерін өзіне әдейі қарсы қойған. Сонымен қатар, мұндай қадамға алимент төлемеу үшін барып отыр дейді, деп хабарлайды zakon.kz.
Әкесіне әбден бауыр басқан балаларын көлікке отырғызбақ болған келіншек – Жанар Хамзееваның айтуынша, ол үш баласын бірнеше айдан бері қайтара алмай жүр екен. Әбден мезі болған ана мұндай қадамға шарасыздықтан барғанын айтады.
Жанар Хамзеева көпбалалы ана:
Мен сенен баланы тартып аламын, баламды саған көрсетпеймін, уже бала сенен безіп тұр! Сен дәлелдей алмайсын, сондай әңгімелерді айтты. Мен айттым заң бар, сот бар. Мен анамын мен балаармды тастаған жоқпын! Өтешпаевтың маған берген 1000 теңгесі жоқ!.
Жанар Хамзеева Атырауда жұмыс істейді. Бірнеше жылдан бері екі үйдің ортасында қатынап жүрген. Балалардың қамы үшін күн-түні еден жуып, нәпақасын тауып өмір сүрген. Айтуынша, жолдасы үйіне көк тиында әкелмеген. Ал ажырасқаннан кейін балаларды тартып аламын деп жиі сес көрсетіп, қорқытқан.
Жанар Хамзеева көпбалалы ана:
Өтешпаев алименттен қорқып отыр. Алименттің ол балаға қарамайды, алдын-ала айттым. Балаларымды бер, ештеме керек емес деп. 1412 Балаларымды маған айтты көрмейсін деді. Мен саған көрсетпеймін, сөйлестірмеймін. Карантин ғой, звондаған маған жауап бермейді. ..Итпен ит болмаймын деп, адамшылыққа салдым. Бейнеуде оқыған балаларды Ақтауға алып кетіпті.
Ал балалардың әкесінің айтар уәжі мүлдем бөлек. Орынбасар Өтешбаевтың сөзінше, бұрынғы әйелі 5-6 айлап Атырауға кетіп қалады екен.
Баласы ауырғанда да хабарласып жағдайын сұрамты да. Тапқан табысын да көрген жоқпыз, дейді
Орынбасар Өтешбаев, қала тұрғыны:
Бұл жерде мен алимент төлеуден бас тартып отырғаным жоқ. Алименттен төлейтін жағдай болса мен төлеймін. Өзінің үйіне төркінен 4-5 айлап кетіп қалады. Олар қараусыз болып қалды.
Сонымен қатар, әкесі балаларды анасына қарсы қойғанына келіспейтінін жеткізді. Себебі...
Орынбасар Өтешбаев, қала тұрғыны:
Балаларға егер де мен сөз үйреткен болсам, анаң жаман деп айтатын болсам, кешегі келгенінде ешкімге қарамастан барар еді анасына!
Ал заңгер Абзал Бекбосынов "Неке бұзу туралы" заңда баланың тәрбиесіне екі жақтың да міндеті бір екенні айтады. Яғни құқықтары тең. Десе де заңға сәйкес, кәмелет жасқа толмаған балалар анасының қолында қалуы тиіс дейді.
Абзал Бекбосынов, заңгер:
Ал 11 жасқа дейін сотқа жүгінініп сот шешімін шығарады. Әкесінде де қалуы, не анасында қалуы. неке 62 бапта көзделген. Балалардың қалуы 11 жасқа толмаған жағдайда анасының құқығында.
Қазір Жанар Хамзеева арнайы сот орындаушылардың көмегіне жүгініпті. Оқиғаның нақты қалай аяқталатыны белгісіз. Десе де көпбалалы ана балаларын бауырына басатын күн алыс емес екеніне сенімді!
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Первый канал Евразия (@1tvkz) 8 Окт 2020 в 6:11 PDT
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:24, 19 ақпан 2025
Жетісу облысының прокуратурасы алаяқтар пайдаланатын интернет ресурстарын бұғаттады
-
12:16, 19 ақпан 2025
Қызылорданың прокурорларымен бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды
-
12:04, 19 ақпан 2025
Қостанай облысында полицейлер қарда жүретін көлікпен браконьерлер тобын ұстады
-
11:58, 19 ақпан 2025
Жамбыл облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім полициядан қашқан
-
11:49, 19 ақпан 2025
Қылмыстық іс пен миллиондаған қарыздар: қарағандылық әйел сіңілісінің орнына сотталды
Танымал жаңалықтар
-
14:16, 18 ақпан 2025
-
18:43, 18 ақпан 2025
-
19:24, 18 ақпан 2025
-
22:46, 18 ақпан 2025
-
13:08, 18 ақпан 2025
-
13:17, 18 ақпан 2025
-
13:54, 18 ақпан 2025
-
15:45, 18 ақпан 2025
-
22:10, 18 ақпан 2025
-
21:53, 18 ақпан 2025
-
21:38, 18 ақпан 2025
-
17:15, 18 ақпан 2025
-
15:21, 18 ақпан 2025
-
15:05, 18 ақпан 2025
-
12:44, 18 ақпан 2025