Дакарда Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан жалғыз таеквондошы жартылай финалға өтті

20:24, 11 қараша 2026
MKZ: 1577275

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Любовь Юн Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

63 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі ширек финалда отандасымыз Бразилия өкілі Рафаэла Мейреллес да Костамен кездесті.

Любовь Юн айқын басымдық танытып, екі раундта да жеңіске жетті. Алғашқы кезеңде 7:2, екінші раундта 11:2 есебімен басым түсті. Осылайша, жалпы есепте 2:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді қазақстандық спортшы финалға шығу үшін сербиялық Эма Зечировичпен кездеседі.

Айта кетейік, Любовь Юн – жасөспірімдер Олимпиадасы-2026 аясында таеквондодан Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан жалғыз спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін бокстан Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) ақтық сынға өткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!