COVID-19: «Қызыл» аймаққа тағы бір өңір келіп қосылды

15:42, 21 қаңтар 2021

Коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймаққа тағы бір өңір келіп қосылды, деп хабарлайды zakon.kz.

21 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы да "қызыл" аймаққа енді.

Сонымен коронавируспен байланысты өңірлердегі жағдай келесідей сипатталады:

І. "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Атырау, БҚО, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары.

ІІ. "сары" аймақта: Алматы қаласы мен Қарағанды, Алматы облыстары.

ІІІ. "жасыл" аймақта - қалған барлық басқа облыстар.

Айта кету керек, 20 қаңтарда коронавирус инфекциясының 1180 жаңа дерегі тіркелді. Жалпы еліміз бойынша 172 412 жағдай расталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!