БҰҰ әлем халқын келесі пандемияға дайындалуға шақырды
© Сурет: facebook/António Guterres
Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш Дүниежүзілік экономикалық форумда әлемді келесі пандемияға дайындалуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Turkystan.kz сайты мәлімдегендей, Антониу Гутеррештің пікірінше, әлем келесі пандемияны ерте анықтауға және жедел әрекет ету жоспарларына инвестиция салып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының беделін нығайтуы керек. Сонымен қатар, ол пандемиямен әділ және тең жағдайда күресуге шақырды.
Антониу Гутерреш бұған дейін ДДСҰ 2021 жылдың соңына қарай жер тұрғындарының 40 пайызын және осы жылдың ортасына қарай 70 пайызын вакциналауды көздейтін стратегия жариялағанын еске салды.
Біз бұл мақсаттарды көздемейміз. Бұл ұят, бірақ табысы жоғары елдерде вакцина салдыру деңгейі Африка елдеріне қарағанда жеті есе жоғары. Бізге вакцинаны тарату мәселесінде әділ болу қажет. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш
БҰҰ-ның бас хатшысы мемлекеттер мен өндірушілер COVAX механизміне вакцина жеткізуге басымдық беріп, бүкіл әлем бойынша сынақ, вакцина және емдеу әдісінің жергілікті өндірісін қолдауы керек екенін айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 26 сәуір 2024
Ақтөбеде су тасқыны салдарынан екі көпір жүруге жарамсыз болып қалды
-
13:09, 26 сәуір 2024
Ақтөбеде су тасқынынан кейін екі көпір жүруге жарамсыз болып қалды
-
12:38, 26 сәуір 2024
Қызылордада медицина саласының қызметкерлері экологиялық акцияға белсенді атсалысты
-
12:23, 26 сәуір 2024
Қостанай облысының прокуратурасында бірқатар тағайындаулар жүргізілді
-
11:43, 26 сәуір 2024
Неліктен Балқаш көлінде су деңгейі күрт көтерілді