Бұрынғы әкім Бейбіт Сыздықов табиғи парктің жерін меншіктеп алды

10:01, 20 қазан 2020
966

Түркістан облысында бұрынғы аудан әкімі ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерін өзінің меншігіне айналдырып алыпты. Айналасын тікенек сыммен қоршап, мал шаруашылығымен айналысып отырған көрінеді. Тіпті, сол маңайды көздің қарашығындай қорғап жүрген табиғат жанашырларының өзі әлгі территорияға кіре алмайтын халге жеткен. Бұл туралы өңірге белгілі заңгер Еркін Қаһаров өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Оның сөзінше, Отырар ауданының әкс-әкімі Бейбіт Сыздықов аумақты қоршап қана қоймай, мемлекеттік инспекторлардың қызметтік үйін де заңсыз иеленіп отыр екен, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мырзахан Атаханов "Сырдария-Түркістан" табиғи паркінде мемлекеттік инспектор болып істейді. Қысы-жазы өзіне бекітілген 759 гектар аумақты күзетеді. Инспектордың сөзінше, ерекше қорғалатын аймақта өңірге белгілі азаматтың жері бар екен. Айналасы тікенек сыммен қоршалған территорияда мемлекеттік инспекторлардың қызметтік үйі мен айналаны бақылайтын мұнара да тұр. Бірақ, жекеменшік аумақ деп кіре алмай жүріпті.

Мырзахан Атаханов, мемлекеттік инспектор:

Оказывается жақында білініп жатыр ғой, осы парктің жері екен. Ерекше қорғалатын аумақ екені. Жақында 10-15 күннің ішінде білдік. Оған дейін біздерді кіргізген жоқ. Әзір де кіре алмаймыз. Міне, көріп тұрсыз ғой.

Қарт Қаратаудың Боралдай жоталарында және Сырдария, Арыс өзендерінің бойына орналасқан паркте өсімдіктің мыңға тарта түрі кездеседі. Оның 40-тан астамы еліміздің "Қызыл кітабына" енген. Сондықтан, әрбір өсімдік пен ағаштар көздің қарашығындай сақталады. Иелік етуден бұрын, рұқсатсыз бір күрек топырақ қазып алуға болмайды дейді табиғат жанашыларлары.

Бақытбек Одаманов, мемлекеттік инспектор:

Шеңгелді ауылының отынан ұстайсыңдар, оларды ұстауға сендердің қақыларың жоқ, айтатындары осы. Бізді қорқытады. Бұрынғы әкім болған осы жерде Шәуілдірдің. Ойда-қырда жұрттың бәрі содан қорқады ғой.

Табиғат жанашырларының жанайқайын алғаш болып, заңгер Еркін Қаһаров көтерді. Ол ерекше қорғалатын аумақтағы заңсыздықты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салды. Ал, қоршалған территория Отырар ауданын кезінде басқарған экс-әкім Бейбіт Сыздықовқа тиесілі көрінеді. Шенеунік өзі әкім болып тұрған уақытта орманшыларға қызметтік үй мен мұнара салу жөнінде жер бөліп, кейінен ол участокты да қоршаудың ішіне алып алыпты.

Еркін Қаһаров, заңгер:

Өзі шешім шығарған 2009 жылы сол жерде кардон салынсын деп Үкіметтің ақшасына. Ол қалай? Приватизация деген нәрсе бар ғой. Соны жасамай ала береді ме? Почему басқа адам ала алмайды. Әкім алады. Інілері алады. Дұрыс емес қой. Бұл енді нағыз коррупция менің ойымша.

Заңгердің жазбасынан кейін, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы арнайы комиссия құрып, жағдайды зерделеп жатыр екен. Тексере келе расында, "Сырдария-Түркістан" табиғи паркінің 150 гектардай жері әлгі жекеменшік территорияның аумағына кіріп кеткені анықталған. Оның ішінде кардон мен мұнара да бар дейді мамандар.

Сабыржан Арысбай, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

Жерді барып көрдік, кадастрлармен. Жаңағы тұрғын үйлер, өртті бақылау мұнаралары бойынша бәрін көрдік. Қазіргі жағдайда, комиссия зерделеу-зерттеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Өзі мен әулетінің атына қарата айтылған әңгімені Бейбіт Сыздықов та естіп, біліп жүр екен. Экс-әкімнің сөзінше, әлгі аумақтың заңды иесі расында, бауыры екенін жасырмады. Өзімнің де кіндік қаным тамған жер осы мекен болатын дейді. Сондықтан, шаруашылыққа арнап, әдейі сатып алыпты жерді. Бірақ, айналдыра кім қоршағанын білмейді екен.

Бейбіт Сыздықов, Отырар ауданының экс-әкімі:

2009-2013 жылдары су көп болып тасыды. Сол тасыған уақытта аралап жүріп, кардон салатын жерді сұрады. Барлық салатын жердің бәрі сай болды, су ағып кететін болды. Сосын ол келді маған. Осындай да осындай сіздің ағаларыңыздың жері екен. Егер рұқсат берсеңіз сол биікке салайық, вышка да биікте тұрсын. Сіз егер рұқсат берсеңіз осылай деді. Сосын мен не қыламын. Үкіметтің тірлігі, үкіметтің жері. Сол жерден жер бөліп бердік өзіміздің жерден. Жеке акті шығарып бердік.

Дегенмен, заңгер Еркін Қаһаров бұл істі соңына дейін жеткізбей қоймаймын дейді. Қажет болса, соттасуға да дайын екен. Сол үшін тиісті құжаттарды жинастырып жүр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!