Бүгін – Рыбакинаның туған күні: Тоқаев Қазақстанның бірінші ракеткасын құттықтады

18:13, 17 маусым 2024

© Сурет: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаның туған күніне орай құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Уимблдондағы және басқа да беделді халықаралық жарыста тамаша жеңістеріңізбен қазақстандық теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз.Алдағы уақытта да жанкүйерді керемет ойыныңызбен және жаңа жеңістеріңізбен қуантып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға және ілгерілетуге үлес қосатыныңызға сенімдімін.Сізге зор денсаулық пен құт-береке тілеймін", - делінген құттықтауда.

Айта кетейік, бүгін – ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бубликтің де туған күні.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!