Борышкердің шоттарындағы тыйымды заңсыз алып тастаған: өндіріп алушыға 35,6 млн теңге аударылмаған
© Фото: pexels
Алматыда жеке сот орындаушысына өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиғаның мән-жайын бүгін, 2026 жылғы 2 қазанда Алматы прокуратурасы мәлімдеді.
"Алматы қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушысының борышкердің банк шоттарына бұрын салынған тыйымдарды заңсыз алып тастағанын анықтады. Оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан борышкер өндіріп алынуға тиіс ақшаны өз қалауынша жұмсауға мүмкіндік алған. Нәтижесінде өндіріп алушыға 35,6 млн теңге аударылмаған".
Сот үкімімен жеке сот орындаушысы ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабының 1-бөлігі ("Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалануы") бойынша кінәлі деп танылды.
"Сот оған жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады", – деп хабарлады Алматы прокуратурасы.
2026 жылғы 21 қыркүйекте қазақстандық жеке сот орындаушыларының мемлекеттен жарты миллиард теңгені "жасырғаны" белгілі болды. Олардың мұны қалай жасағанын Павлодар облысының прокуратурасы түсіндірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 2 қазан 2026
Бөкей ордасының 225 жылдығына орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті
-
15:43, 2 қазан 2026
«Семей орманындағы» жемқорлық: ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр
-
15:32, 2 қазан 2026
Алматыда әйел өз ұлынан қорлық көріп, үйінен қашып шыққан: полиция мән-жайды анықтап жатыр
-
15:27, 2 қазан 2026
«Қорқынышты фильмнен шыққандай»: 18 жастағы қазақстандық Париж подиумына көзі жұмулы күйде шықты
-
15:15, 2 қазан 2026
Алматыда жаңа тоғай пайда болады





