Боралдайда қазақстандық әйел көлігімен дүкеннің қабырғасын бұзып кірген

11:19, 24 қазан 2026
MKZ: 1574163

© Фото: pexels

Алматы облысының Боралдай кентінде әйел көлік тізгініне ие бола алмай, дүкеннің қабырғасын бұзып, ішіндегі тауарлар қойылған сөрелерді бүлдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларға қарағанда, оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Видеода көлік жүргізушісі өзіне ұстама болғанын да айтады.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның барлық мән-жайы тексеру қорытындысы бойынша анықталатынын хабарлады.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жүргізушіні жауапкершілікке тартқаны белгілі болды.

"Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес хаттама толтырылды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Көкшетау маңында жантүршігерлік жол апаты болғанын хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!