БҚО-да 17 жастағы жасөспірім мотоциклмен бүлдіршін қызды қағып, мерт етті

19:16, 16 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

БҚО-да Переметное ауылында 17 жастағы жасөспірім мотоциклмен екі жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" жергілікті басылымы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, қайғылы оқиға 15 қыркүйекте сағат 13: 40 шамасында болғанын, екі жасар қыз бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқанын хабарлайды.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды.

Айта кетсек, 15 қыркүйекте Щучье қаласында оқушы қыз бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткені хабарланған. Қазір 12 жасар қыз бала ауруханада жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!