БҚО-да 87 отбасы қаладан ауылға көшіп барған
© Фото: unsplash
Батыс Қазақстан облысында "Қаладан – ауылға" және "Дипломмен ауылға!" жобалары сәтті жүзеге асуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаеваның берген мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңірдің 12 ауданында 120 отбасын ауылдарға қоныс аударту жоспарланған.
Бүгінгі таңда қаладан ауылдарға 87 отбасы (436 адам) көшіп барып, олардың 88-і тұрақты жұмысқа орналастырылған. Соның ішінде үш отбасы жеке кәсібін бастауда. Ауылға қоныс аударған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін табуда. Қазіргі күнде 87 отбасы баспана алып, оның 35-і тұрақты үйге қоныстанған.
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 2024 жылы 385 маманға тұрғын үй сатып алуға 3 136,4 млн теңге қарастырылған. 1 желтоқсанға дейін 251 маманға несие берілді.
Сонымен қатар, 820 маманға 598,7 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленге. 2009 жылдан бері бұл бағдарлама бойынша ауылдарға 10 244 маман тартылған. Оның ішінде 6 838 мұғалімдер, 1 896 медицина қызметкерлері, 652 мәдениет қызметкерлері, 329 агроөнеркәсіп мамандары ауылға жол тартты.
Бұл жобаның цифрландырылған жүйесі арқылы өтініш беру рәсімі жеңілдетілген. Мамандар өтінімді otbasybank.kz порталы арқылы онлайн түрде бере алады.
"Қаладан – ауылға" және "Дипломмен ауылға!" жобалары Батыс Қазақстан облысындағы ауылдарды дамытуға үлкен серпін беріп отыр. Бұл бағдарламалар ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырып қана қоймай, ауылдық аумақтардың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде.
Мемлекеттік қолдау ауылды мекендердің инфрақұрылымын жақсартып, жас отбасылар мен мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда" дейді мамандар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:42, 18 желтоқсан 2024
Қазақстанға циклон арқылы қарлы боран мен жауын-шашын келеді
-
16:39, 18 желтоқсан 2024
Қорғаныс министрлігінде Қарулы күштердің үздік әскери қызметшілеріне құрмет көрсетілді
-
16:36, 18 желтоқсан 2024
Астанада алаяқтың арбауына түскен зейнеткер үйінен айырылды
-
16:30, 18 желтоқсан 2024
2024 жылы халықтың табысы мен жалақысы қалай өзгерді
-
16:28, 18 желтоқсан 2024
Қазақстан Үкіметі, Ұлттық Банк және Стати тараптары дауды реттеу үдерісін аяқтады