БҚО-да есірткіні заңсыз өсіру фактісі анықталды
© Сурет: polisia.kz
БҚО-да құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсіру фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсіру фактісі анықталды.
Бәйтерек ауданының елді мекендерінің бірінде 49 жастағы ер адам өз үйінің ауласында есірткі өсімдіктерін өсіріп келген. Тінту кезінде оның ауласынан жалпы көлемі 450 шаршы метр болатын, көлеңке түсіретін тормен жабылған және автоматты суару жүйесімен жабдықталған жасырын жылыжай табылды.
"Аталған жылыжайда қарасора тұқымдас өсімдіктерді өсіру жүзеге асырылған. Тергеу барысында, құрамында есiрткi заттары бар 47 түп өсiмдiктер тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, ол осы жылдың көктемінде тұқымды сатып алып, сәуір айынан бастап өсірумен айналысқан", - деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарға есірткі шөптерін заңсыз өсіру үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:35, 30 сәуір 2026
Қазақстанда жол ережесін бұзған жүргізушілерге «баллмен бағалау» жүйесі енгізіле бастайды
-
20:30, 30 сәуір 2026
Президент көші-қон саясатын жетілдіру туралы жарлыққа қол қойды
-
20:09, 30 сәуір 2026
Зейнеткер тауып алған әмиянды қайтармағаны үшін қамауға алынды
-
19:53, 30 сәуір 2026
Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға маңызды үндеу жасады
-
19:29, 30 сәуір 2026
Қазақстандықтар Бішкекте жалған доллармен ірі алаяқтық жасаған: сот үкім шығарды





