БҚО-да екі шенеунікке 73 840 теңгеден айыппұл салынды

09:55, 20 желтоқсан 2024

© Фото: Zakon.kz

БҚО-да Ақжайық ауданының әкімі мен "Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-нің басшысына әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіштен айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, азамат төтенше жағдай кезеңінде су тасқыны салдарынан 16 бас жылқыларынан айрылған. Кейін, сол өлген жылқылардың материалдық шығынын өтеу жөнінде көмек сұрап өтінішхатпен келесі мекемелерге жүгінген.

  • Ақжайық ауданының әкіміне,
  • Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне
  • облыс әкімдігіне.

Азамат мекеме қызметкерлерінің жауабымен келіспей, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына әкімшілік талап қоюмен жүгінген.

"Іс бойынша дайындық жүргізу мақсатында, сот жауапкерлерді белгіленген мерзімде әкімшілік талап қоюға дәлелді қарсы пікірлерін беруге міндеттеді",- делінген ақпаратта.

Алайда, жауапкерлер талап қоюға дәлелді пікірлерін және соттың сұратқан әкімшілік іс құжаттарын белгіленген мерзімге жолдамаған. Соның салдарынан іс бойынша алдын ала тыңдау кейінге қалдырылған.

"Сот іс құжаттарын зерттеп қарап, жауапкерлердің келтірген уәждерін негізсіз және дәлелсіз деп, олардың іс әрекеттерінде заңға және сотқа анық құрметтемеушілік көрсету оқиғасы орын алған деп таниды". Батыс Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметі

Бұндай жағдайда, сот талаптарын орындамауына байланысты Ақжайық ауданының әкіміне және "Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-нің басшысына әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 73 840 теңгеден ақшалай өндіріп алу қолданылды.

Бұған дейін Павлодар облысында 400-ге жуық берекесіз отбасы есепке қойылғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!