Биыл мүгедектігі бар азаматтарға 777 мыңнан астам қызмет түрі көрсетілді

15:57, 8 қазан 2024

© Фото: freepik

Биыл мүгедектігі бар азаматтарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 777 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Жыл басынан бері 675 мың адам оңалту техникаларын, 67 мыңнан астамы санаторилік-курорттық емдеу, 8,5 мың адам ымдау тілі мен 26 мың 200 адам жеке көмекшінің қызметіне жүгінді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар тауар сапасыз болса, оны қайта өткізе алады. Өтінішті портал қызметі 5 күн ішінде қарауы тиіс, деп жазады qazaqstan.tv.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!