Бір шаршы метрге 392 мың теңге: елімізде пәтер бағасы шарықтауда

10:53, 20 қаңтар 2025

© Фото: pexels

Қазақстанда абаттандырылған тұрғын үйдің құны өсуде. "Крыша КЗ" сайтының мәліметі бойынша, 2025 жылдың қаңтар айында Петропавлда 1 шаршы метр абаттандырылған тұрғын үйдің құны 392 440 теңгеге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Петропавлдағы жылжымайтын мүліктің құны 2022 жылдың маусымында ең жоғары көрсеткішке жеткен болатын. Ол кезде шаршы метр орта есеппен 382 мың теңгені құрады.

Бұл ретте долларлық баламада тұрғын үй құны соңғы екі жылда айтарлықтай төмендеді. 2022 жылдың маусымындағы 900 долларлық есептен кейін, қазір 744 доллар деңгейінде тұр.

Егер Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенетін болсақ, қазір Қазақстанда орташа жалақы тұрғын үйдің 1 шаршы метрімен бірдей деңгейге жетті.

Айта кетейік, еліміздегі ең қымбат пәтерлер Алматыда сатылады, онда 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны 764 400 теңге.

Бұған дейін Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатқандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!