Бибісара Асаубаева Үндістандағы жарыста жеңіліп қалды
© Сурет: Kazchess
Қазақстан әйелдер шахмат құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің алғашқы алты турында бірде-бір жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, FYERS American Gambits командасы сапында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық шахматшының еншісінде төрт тең ойын және екі жеңіліс бар.
Ол әйелдер тақтасындағы көшбасшының сәтсіз нәтижелеріне қарамастан, оның командасы Өзбекстан өкілі Жавохир Синдаров пен үндістандық Арджун Эригайсидің сәтті өнер көрсетуінің арқасында турнирдегі күресін жалғастырып жатыр.
Жарыстың алғашқы кезеңінде Асаубаева ресейлік Екатерина Лагно және қытайлық Чжу Цзиньэрмен тең түсті. Кейін Полина Шуваловаға есе жіберіп, Дивья Дешмухпен тең ойнады.
Одан кейін қазақстандық шахматшы үндістандық Харика Дронаваллимен тең түсті. Сол ойын күніндегі қарымта партияда Екатерина Лагнодан тағы да жеңілді.
Бибісара Асаубаева – блицтен үш дүркін әлем чемпионы.
Жалпы жүлде қоры 1 миллион долларды (454 млн теңге) құрайтын Global Chess League-2026 турнирі Үндістанда 13 қыркүйекке дейін жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:02, 9 қыркүйек 2026
Сирек кездесетін монета 45 мың долларға сатылды: оның ерекшелігі неде
-
12:52, 9 қыркүйек 2026
Еңбек министрлігі мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызмет құнын өтеу әдістемесін қайта қарайды
-
12:47, 9 қыркүйек 2026
Алматыда дүкендер мен дәмханалар орналасқан заңсыз аялдама кешені бұзыла бастады
-
12:36, 9 қыркүйек 2026
Атырауда «Saraishyq Upgrade 2026» халықаралық жастар форумы басталды
-
12:21, 9 қыркүйек 2026
АҚШ-та рұқсат етілгенімен, шетелде қатаң тыйым салынған: туристерге ескерту жасалды





