Бибісара Асаубаева Total Chess турниріндегі алғашқы ұпайларын еншіледі
© Сурет: Instagram/bibisarachess
12 қарашаға қараған түні Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 супертурнирінің топтық кезеңіндегі алғашқы тур матчтары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесулер барысында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева америкалық Уэсли Сомен екі рет тең түсіп, алғашқы екі ұпайын еншіледі.
Қазіргі уақытта спортшымыз екі ұпаймен D тобында бесінші орында тұр.
"Өз ойыныма көңілім толады. Алайда екі партияның ешқайсысында жеңіске жетуге мүмкіндігім болған жоқ. Жалпы, жаман өнер көрсеткен жоқпын деп ойлаймын", – деді Бибісара Асаубаева.
10 қарашада Асаубаева швейцариялық жүйе бойынша тоғыз турдан тұратын блиц-турнирде қатарынан сегіз партияда жеңіліп, тек Вайшали Рамешбабумен өткен кездесуде тең түскен болатын.
Аталған жарыстың екінші туры 12 қараша күні кешке өтеді. Бұл кезеңде Бибісара Үндістан өкілі Арджун Эригайсимен кездеседі.
Айта кетейік, Total Chess World Championship Tour турнирінің қаржылық мүмкіндігі жоғары. Оның инвесторлары қатарында танымал норвегиялық футболшы Эрлинг Холанд пен шаңғы жарысынан бірнеше дүркін Олимпиада чемпионы Йоханнес Клебо бар.
2027 жылы өтетін толыққанды турнирдің жүлде қоры кемінде 2,7 млн долларды құрайды.
Ал испаниялық БАҚ өкілдері бұған дейін "Ла Роха" құрамасының басты жұлдызы Ламин Ямальды ұлттық құрама сапындағы ойынына қатысты сынға алған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 12 қараша 2026
Алматылықтарға метроға қатысты жақсы жаңалық айтылды
-
16:17, 12 қараша 2026
Астанада LRT-ның екінші кезегін салуға қанша қаражат қажет
-
16:03, 12 қараша 2026
Алматыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Шығыс Қазақстаннан жеткізілген 150 тоннадан астам өнім ұсынылады
-
15:48, 12 қараша 2026
Астана тұрғындарына жылу ақысының не себепті қымбаттағаны түсіндірілді
-
15:24, 12 қараша 2026
Қар, үсік және +14°С: үш мегаполисте алдағы күндері ауа райы қандай болады





