Белгілі қазақстандық кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті

11:18, 5 тамыз 2026
MKZ: 1559750

© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Белгілі қазақстандық кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов 71 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Telegram-арнасында хабарланды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне, шәкірттеріне және барша киносүйер қауымға қайғыра көңіл айтады.

Ұлттық кино өнерін дамытуға саналы ғұмырын арнаған Ардақ Жамансарыұлы қазақ кинематографиясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Дарынды режиссер, білікті ұстаз әрі тәлімгер ретінде бірнеше буын киногерлердің қалыптасуына ықпал етті.

Ардақ Әмірқұловтың "Отырардың күйреуі", "Абай", "Қош бол, Гүлсары!" және өзге де фильмдері ұлттық кино өнерінің алтын қорынан орын алды. Оның шығармалары ел тарихын, халықтың рухани құндылықтарын және адам тағдырын терең бейнелеуімен ерекшеленіп, көрермен қауым мен кәсіби ортаның жоғары бағасына ие болды.

"Ардақ Жамансарыұлының жарқын бейнесі, өнегелі ғұмыры мен қазақ мәдениеті мен кино өнерінің дамуына сіңірген елеулі еңбегі халық жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!" Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

2026 жылғы 4 тамызда 103 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері, "Халық қаһарманы" Иван Гапич дүниеден өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!