Жаңа Конституцияның қабылдануына орай рақымшылық: қанша адам бостандыққа шықты
© Фото: Zakon.kz
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев 2026 жылғы 5 тамызда өткен брифингте жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңның іске асырылу барысын баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Нияз Рыспаевтың айтуынша, бүгінгі таңда соттарға 10 мыңға жуық ұсыныс жолданған. Оның 4400-ге жуығын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, ал 6900-ден астамын пробация қызметтері дайындаған.
"Бүгінгі таңда соттар мыңнан астам материалды қарады. Нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылды. Бостандыққа шыққаннан кейін бұл азаматтарға әкімшілік қадағалау белгіленеді. Сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған тағы 724 азамат жазасын одан әрі өтеуден босатылды. Бұдан бөлек, 730-дан астам сотталған адамның жаза мерзімі қысқартылды", – деді ол.
Оның айтуынша, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, бостандыққа шыққан азаматтарды жұмысқа орналастыру, құжаттарын қалпына келтіру, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету шаралары қабылданып жатыр.
2026 жылғы 6 мамырда Санжар Әділов рақымшылық қандай санаттағы сотталғандарға қолданылмайтынын айтқан еді.
2026 жылғы 1 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды рақымшылық туралы заңға және оған ілеспе заңдарға қол қойды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:28, 5 тамыз 2026
Жаңа оқу жылы: тоқсан, демалыс пен емтихан мерзімі бекітілді
-
13:15, 5 тамыз 2026
Павлодарда тұраққа қою талабын бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
13:07, 5 тамыз 2026
Қазақстанда аптап ыстық қайта күшейеді: қай өңірде +42°С, қай аймақтарда жаңбыр жауады
-
12:55, 5 тамыз 2026
Агрессия шегіне жетті: Алматыдағы қатыгез топтық төбелес видеоға түсіп қалды
-
12:47, 5 тамыз 2026
Қозғалыс шектеліп, арнайы қызметтер жұмылдырылады: 5 тамызда Түркістан облысының тұрғындарын не күтіп тұр





