«Баянауыл» ұлттық паркінде өрт шықты

12:41, 20 шілде 2026
MKZ: 1557008

© Сурет: Telegram/qazfwc

Бүгін Павлодар облысындағы "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел ақпаратты ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті таратты.

"2026 жылғы 20 шілде күні сағат 09:23-та "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай бөлімшесі аумағындағы 21-орам, 31-бөлімде өрт ошағы анықталды.Өрттің ауданы 0,003 гектарды құрайды.Өртті сөндіру жұмыстарына:"Баянауыл" МҰТП орман күзеті қызметінің күштері мен құралдары, "Қазавиорманқорғау" РМКҚ, жұмылдырылды".

Белгілі болғандай, қызыл жалын 10:54-те оқшауланды.

Қазіргі уақытта толық сөндіру және өрт орнын бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, 2026 жылғы 16 шілдеде Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт шықты. Тілсіз жау Бородулиха филиалының Қамышен орманшылығының 57-кварталында тіркелген. Орман өртін сөндіру жұмыстарына Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациясы тартылды. 2026 жылғы 18 шілдеде Төтенше жағдайлар министрлігі "Семей орманы" аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!