Алматыдағы резонансты іс: қаза тапқан қыздың әкесі 100 млн теңге талап етті
© Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 22 маусымда Алматы қаласында әл-Фараби даңғылындағы резонансты жол-көлік оқиғасына қатысты басты сот процесі жалғасты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот процесі судья Еркін Майшинов төрағалығымен өтіп жатыр. Айыпталушы орнында 1993 жылы туған Александр Пак отыр. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы 4-бөлігі ("Алкогольдік масаң күйде жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соғу") бойынша айып тағылған.
Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші Рүстембек Шотенов азаматтық талап арыз берді.
Адвокат Мейрман Шекеев талаптың мазмұнын оқып берді:
"Рүстембек Шотенов өз қызының қазасынан кейін орны толмас қайғыға душар болды. Ол 20 жыл бойы қызын бағып-қаққан, оның бақытты болуын армандаған. Уақытынан бұрын болған өлім – ешнәрсемен өтелмейтін ауыр қаза. Енді ол қызының өміріндегі маңызды сәттердің куәсі бола алмайды. Осыған байланысты жәбірленуші азаматтық талапты қанағаттандырып, моральдық зиянды өндіруді сұрайды".
Өз сөзінде Шотенов былай деді:
"Баланы жоғалтудың қайғысы мені әр сәт сайын қинайды. Оның жанында болу, өміріндегі маңызды сәттерінің куәсі болу мүмкіндігінен айырылдым. Бұл – орны толмас қаза. Өмірім "дейін" және "кейін" болып екіге бөлінді. Ешқандай ақша бұл қайғыны өтей алмайды. Дегенмен, талап етіліп отырған өтемақы пайда табу үшін емес, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында қойылды. Ислам құқығында адам өмірі ең жоғары құндылық саналады, ал адам өлімі үшін өтемақы 100 түйенің құнына теңестіріледі, бұл қазіргі есеппен 100 миллион теңге көлеміне сәйкес келеді. Сондықтан Александр Пактан 100 миллион теңге өндіруді сұраймын".
2026 жылғы 21 наурызда Алматы қаласында болған жол апатында үш адам қаза тапқан. Zeekr көлігін тізгіндеген жүргізуші мас күйде әл-Фараби даңғылында қарсы бағытқа шығып, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмған.
Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындаған. 8 маусымдағы сот отырысында жәбірленуші тарап оны кешіргенін айтып, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.
Бұған дейін сотта Александр Пакпен бірге сол кеште бірге болған таныстары да жауап берген. Олар мейрамханадан шыққаннан кейін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарын растаған, соның салдарынан кейбіреулерінің жүргізуші куәліктері алынған.
15 маусымда Александр Пак жол апатының қалай болғанын айтып берген. 19 маусымда сот Томирис Қыдырбекованың әкесін іс бойынша тағы бір жәбірленуші ретінде таныған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:16, 22 маусым 2026
«Мені тек айыпталушы ретінде емес, адам ретінде де көріңіз»: Александр Пак сотта соңғы сөзін айтты
-
13:03, 22 маусым 2026
Ерлан Қарин: ішкі саясаттағы жаңа регламенттер өз бетінше шешім қабылдауды тоқтатады
-
12:54, 22 маусым 2026
Пхукетте қазақстандық әйел бірнеше жол апатын жасады: екі адам зардап шекті
-
12:49, 22 маусым 2026
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей өңірлерде +40°C аптап ыстық сақталады
-
12:37, 22 маусым 2026
Қазақстанда бетті жабуға қатысты шектеу: 10 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған





