Баласын жетімдер үйіне өткізе салған әйел енді қатты өкінуде

11:01, 23 қазан 2020
915

Туған ұлын жетімдер үйіне өткізген келіншек енді баласын қайтара алмай сан соғуда. Қызылорда қаласы тұрғынының мектеп әкімшілігіне өкпесі қара қазандай. Өйткені, дәл солар баламды бейімдеу орталығына өткізуге үгіттеді деп отыр. Соның салдарынна бір жыл бойы ата- ана құқығын қалпына келтіре алмай, сабылып жүр екен, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ольга Звездова бір жыл бойы бауыр еті баласын үйіне қайтара аламай әлек. Оның сөзінше, екінші мәрте тұрмысқа шыққаннан кейін ұлының мінез-құлқы өзгере бастапты. Өгей әкесін жатсынған ол, тіптен үйінен безуді әдетке айналдырған.

Ольга Звездова, қала тұрғыны:

Әу баста ұлыммен өзім сөйлескім келген. Бәрін түсіндіремін деп ойладым. Болмағасын қызметкерлерді көмекке шақырдым. Мектепте балалармен жұмыс істейтін психологтар бар, менің ұғындыра алмағанымды сол мамандар түсіндірер деп ойладым. Бірақ, бәрі керісінше болды. Ұлымды алып кетті.

Келіншектің айтуынша, ұлын балалар үйіне өткізуге мектептегі психологтар үгіттепті. Жарты жылдың ішінде баланың мінезі өзгеріп, тәртібі түзеледі деп сендірген. Алайда, межелі уақыт өткеніне қарамастан, ата-ана құқығын қалпына келтіре алмағанына өкпелі. Қазір тұрақты түрде баласына алимент төлеп жүр екен.

Ольга Звездова, қала тұрғыны:

Олар маған балаңыз ертең қайтадан қашып кетеді, сіздің жаңа күйеуіңізбен тіл табысуы қиын болады. Сөйтіп бұзылып, қылмыс жасауы әбден мүкін. Балаңызға қажетті дүниені алып бере алмайсыз деп мені қыспаққа алды. Ал қағазға керісінше мені баланы тәрбиелеуден бас тартты деп жазған.

Әкімдік жанындағы Кәмелет жасқа толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отбасының жағдайын жіті бақылаудан өткізгенін айтады. Ал анасына мектеп қызметкерлері тарапынан ешқандай да қысым, үгіттеу болған емес дейді. Жеткіншекті балалар үйіне өткізу жөніндегі шешімдісот шығарыпты.

Нұрлыбек Байымбетов, №9 мектептің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары:

Осы мәселе 3-4 рет қайталанды. Нақты бейімдеу орталығымен бірлесіп жұмыс жасап, қала әкімінің жанындағы комиссияның шешіміен сотқа жолдаған болатынбыз. З.А "Атамекен" орталығында тәрбиеленіп жатыр. Мектеп тарапынана анасына да ұсыныс айтылған жоқ, заң аясында жұмыс жасалынды.

Бүгінде жеткіншек балалар үйінде тәрбиеленуде. Мамандардың сөзінше, Александр домбыра мен футболға әуес. Сондай-ақ, барлық іс-шараларға белсенді түрде атсалысады екен.

Лиза Скакова, "Атамекен" балалар үйінің директоры:

Бүкіл қоғамдық өмірдің бәріне белсенді араласып жатыр. Келгелі бері үйірмелерге қатысып, домбыраны мегеріп алды, спортқа қатысып жатыр. Біз өгей әкесінің келуіне қарсы болдық. Бірақ анасы карантин кезінде 3 рет келді. бірақ одан кейін төбе көрсетпеді. Бірақ, баласына жиі-жиі хабарласып тұрады.

Балалар үйі қанша жақсы болса да Александрдың үйіне қайтқысы келеді. Жеткіншек өгей әкесімен тіл табысып, тату-тәтті өмір сүретініне сенімді!

Александр Звездов, "Атамекен" балалар үйінің тәрбиеленушісі:

Бұл жерге үйден қашып тап болдым. Негізігі себеп өгей әкеммен тіл табыса алмадым. Үйге оралғым келеді. Менің ойымша, онымен енді проблема болмайды. Мәселе шешілген сыңайлы.

Осылайша, Александрдің анасы ұлын қайтару үшін прокуратурға дейін арыз жазыпты. Ұлын қайтарып алу үшін соңына дейін күресуге бекініп отыр. Ал балалар үйінің әкімшілігі анасына ұлын аптасына бір рет, демалыс күні көруге рұқсат берген. Ол үшін қалалық білім білім бөліміне өтініш жазып, тиісті құжаттарды жинауы қажет.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!