Бадминтон: Дмитрий Панарин Азия чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды

17:10, 9 сәуір 2025

© Сурет: olympic.kz

Бадминтоннан Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында ерлер арасындағы жарыстың топтық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық Дмитрий Панарин D тобында өнер көрсетті. Спортшы бірінші орынды иеленіп, Азия чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды.

Ол Мьянмадан барған Хейн Хтутты және Бангладеш спортшысы Хандокар Соадты жеңді.

Панариннің келесі қарсыласы — Үндістандық Киран Джордж болмақ.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!