Аягөзде коммуналдық апат орын алып, өңір тұрғындары жылусыз қалды

09:13, 17 қазан 2024

© Фото: freepik

Аягөз тұрғындары жылыту маусымы басталмай жатып, келеңсіз жайтқа тап болғандарына наразылық білдіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Abaynews ақпаратынша, Абай облысының әкімдігі 16 қазан күні жылумен жабдықтау тек 1 сағатқа жүргізілмегенін айтты. Дегенмен бұл уақытта қазандықтар жұмысын тоқтатпаған.

"16 қазан сағат 15.00-де Ø159 ысырмасының істен шығуы себебінен жылумен жабдықтаудың авариялық ажырауы болды. Алайда қазандықтар жұмысын тоқтатқан жоқ. Ақау сағат 16.00-де толық жойылды, қазір жылу желілерінің температуралық параметрлері жинақталып жатыр.Жалпы, жылу желілерін тарту жұмыстары толығымен аяқталып, жылу магистральдық траншеясы толтырылуда. Барлық нысандар толық көлемде жылумен қамтамасыз етілген". Абай облысы әкімдігі

Айта кетейік, 2024 жылдың 16 қазанында түскі уақытта Алматыда қатты жаңбыр мен желден кейін алғашқы қар жауа бастады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!