4 наурыздағы сауда қорытындысы: доллар бағамы өсті

15:40, 4 наурыз 2026

© Фото: pexels

2026 жылғы 4 наурызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 499,83 теңгені құрап, 1,31 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 6,42 теңгеге дейін төмендеді (-0,006).

Ал қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 72,28 теңге болды (+0,14).

Айырбастау пункттерінде:

  • доллар 497,8–501,2 теңге,
  • еуро 579,9–585,4 теңге,
  • рубль 6,38–6,50 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.

Сонымен қатар 4 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да өсті.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері барреліне 82,66 долларға дейін көтерілді. Бұл – сейсенбі күнгі жабылу бағасынан 1,55%-ға жоғары, әрі 2025 жылғы қаңтардан бергі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

NYMEX биржасында WTI мұнайының сәуір айындағы фьючерстері 1,27%-ға өсіп, барреліне 75,51 долларды құрады.

Бұған дейін Ұлттық банк таңертеңгі ресми бағамды:

  • доллар – 498,09 теңге,
  • еуро – 577,34 теңге,
  • рубль – 6,41 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!