Атырау облысында балық аулау қағидаларын бұзған 25 азамат жауапқа тартылды
© Фото: Zakon.kz
Бекіре және басқа да балық түрлерін заңсыз аулаудың, олардың айналымын анықтауға және жолын кесу мақсатында 10 қыркүйекте Жайық-Каспий бассейні аумағында жыл сайынғы "Бекіре – 2024"жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Атырау облысы полиция департаменті Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі, яғни балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылығы бойынша 25 азаматқа әкімшілік хаттама толтырды.
Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Атырау облысы Құрманғазы ауданының азық-түлік дүкендерінің бірінде заңсыз балық аулаумен айналысқан 29 жастағы ер адам ұсталды. Тексеру барысында салмағы 27,6 келі болатын бекіре тұқымдас балық өнімдері тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазіргі таңда Жайық-Каспий бассейнінде қылмыстық іс әрекеттерді болдырмау және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету шараларын әрі қарай бөлім қызметкерлері жалғастырып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:16, 18 қыркүйек 2024
Wildberries кеңсесіндегі қантөгіс: Татьяна Бакалчук күйеуіне видео үндеу жолады
-
22:51, 18 қыркүйек 2024
Қарағанды облысында бұзаулар жаппай қырылып, қыстақ карантинге жабылды
-
22:11, 18 қыркүйек 2024
Шымкентте жалдамалы пәтерден үндістандық екі студент өлі күйінде табылды
-
21:55, 18 қыркүйек 2024
Қорғаныс министрлігі еліміздің екі өңірінің тұрғындарына ескерту жасады
-
21:44, 18 қыркүйек 2024
Желідегі керемет видео: Алматының тауларынан Ай сығалап қарады