Астананың екі тұрғыны цифрлық доллар арқылы жарты миллиард теңге табыс тапқан
© Фото: Zakon.kz
Астанада "Астана" халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркеусіз, мұндай қызметке міндетті лицензиясыз, аса ірі көлемде кіріс алу арқылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан екі тұрғын сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында хабарланғандай, айыпталушыларға келесідей айып тағылды:
К. және Е. қамтамасыз етілмеген USDT сандық активтерін (гибридті крипто-фиат валютасы, бағасы доллардың құнына байланысты. Бір USDT бір АҚШ долларына тең) "B." және "By." криптобиржаларының Р2Р платформасында (Р2Р сандық активтердің саудасы – бұл пайдаланушының криптовалютаны үшінші тараптың немесе делдалдың қатысуынсыз тікелей сатып алуы және сатуы) жалпы сома:
К. 2023 жылғы шілдеден 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде – 68 млн. теңгеден астам;
Е. 2023 жылғы тамыздан 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде – 21,5 млн. теңгеден астам сомада сатқан (іске асыру ҚР аумағында тиісті лицензиясы жоқ "B." және "By." жаһандық нұсқасында жүргізілген).
Бұдан басқа, аталған тұлғалар тобында "By.", "B." криптобиржаларының платформасында жалпы сомасы 379 млн.теңгеге жуық Р2Р сандық активтердің саудасында USDT қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерін бірлесіп сатқан.
"Осылайша, сотталушылар К.және Е. көрсетілген кезеңде Астана қаласының аумағында аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан, цифрлық активтерді сату бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған." Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты
Сотта:
Прокурор айыптауды қолдап, соттан қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.
Сотталушылар кінәсін мойындамай, оларды ақтауды сұрады.
Сотталушылардың кінәсі іс бойынша жауап алынған, цифрлық активтерді сатып алу фактісін растаған, сондай-ақ сотталушыларға ақшалай сыйақы үшін өздерінің банктік шоттарын беру фактісін растаған куәгерлердің айғақтарымен, маманның қорытындысымен және жасырын тергеу әрекеттерімен дәлелденді.
"Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Заңның 11-бабының 5-бөлігіне сәйкес "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағын қоспағанда, ҚР аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына, сондай-ақ қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне тыйым салынады.
АХҚО реттеуші құмсалғышында тестілеу шеңберінде цифрлық активтермен P2P сауда қызметтерін ұсыну көзделмеген.
АХҚО алаңында лицензиясы бар "T." компаниясының "B." платформасының жаһандық жүйесінің транзакцияларына қатысы жоқ, сотталушылардың әмияндары бойынша транзакциялар АХҚО қатысуынсыз өткен.
2024 жылғы 14 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты кәсiпкерлiк қызметті "Астана" халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі – АХҚО) тiркеусіз, мұндай қызмет үшін міндетті лицензиясыз, кәсіпкерлік қызметтің түрлерімен айналысу арқылы аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша К. мен Е.-ге қатысты үкім шығарды (ҚК 214-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы).
ҚК 214-бабы 2-бөлігі 2) тармағының санкциясы 5000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Е.-нің жас баласының болуы, ал К.-ның жас болуы, яғни қылмыс жасаған кезде ол 18 жасқа енді толғаны қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды.
Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен К. және Е. ҚК 214-бабы 2-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Азаматтық талап қанағаттандырылып, К. және Е.-ден заңсыз алынған табыс сомасы өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті