Астаналық бойжеткен спорттық бутиктен киім ұрлаған
© Сурет: polisia.kz
Астананың 23 жастағы тұрғыны магнит жапсырмасын алып, киімді үстіне киіп, бутиктен шығып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұра ауданы полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа қатысы бар қызды анықтады. Бұған дейін ол осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қыздың айтуынша, сауда орталығына келмес бұрын ол интернет желісі арқылы киімдегі магнит жапсырманы шешу жолдарын зерттеген. Сауда залында орналасқан бейнебақылау камераларын қарау кезінде жедел уәкілдер бойжеткеннің заттармен бірге киім ауыстыру бөлмесіне кіріп, кейін қолында ештеңесіз шыққанын байқады. Ол жалпы құны 133 мың теңге болатын спорттық киімді басқа адамдарға сатып жіберген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктінің қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:38, 8 қараша 2024
Алматыда қар жауып жатыр: қала көшелеріндегі кептеліс 10 балға жетті
-
19:20, 8 қараша 2024
Қазақстан шорт-трекшілері World Tour рейтингінде нешінші орында тұр
-
19:00, 8 қараша 2024
Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен кетті
-
18:36, 8 қараша 2024
Атырауда шетелдіктер такси қызметімен заңсыз айналысқан
-
18:22, 8 қараша 2024
Алматы облысында бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті ұсталды