Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған
© Сурет: Zakon.kz
13 қыркүйекте таңертең Астана - Алматы рейсінде жолаушы өзін нашар сезінген, деп хабарлайды Zakon.kz
Бортсеріктің көмек сұраған өтінішіне бірден төрт дәрігер үн қатты. Zakon.kz тілшісі де аталған оқиғаның куәгері болды.
Әйелге бірінші болып елорда тұрғыны Людмила Богданова көмекке келді. Оның айтуынша, жолаушының қан қысымы көтерілген. Ол дәрі ішкенін, алайда көп ұзамай жүрегі айнып, жалпы әлсіздікті сезгенін жеткізді.
Людмила мен SCAT әуе компаниясы экипажының бірлескен әрекеттерінің арқасында жолаушының жағдайын тұрақтандыру мүмкін болды.
Бір қызығы, ұшақ әуеге көтерілер алдында Людмиланың өзі аяғын созып отыру үшін авариялық қатардан орын беруді сұраған. Өз өтінішін ол медициналық білімі барымен түсіндіріп, бортта ешкімге өзінің көмегі қажет болмаса екен деп үміттенетінін айтқан.
Бұған дейін Астана-Орал бағытына қатынайтын ұшақта аяғы ауыр келіншектің толғағы қысқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:46, 13 қыркүйек 2026
Индонезияда жолаушылар кемесі дауылға тап болып, 140 адам жоғалып кетті
-
10:37, 13 қыркүйек 2026
Отбасы күні: Қазақстанда отбасылық және ұлттық құндылықтар қалай дәріптеледі
-
10:14, 13 қыркүйек 2026
US Open чемпионы атанған Рыбакина қанша табыс тапқаны белгілі болды
-
09:48, 13 қыркүйек 2026
«Әлі де сене алар емеспін!». US Open-2026 чемпионы атанған Рыбакина жеңісіне қатысты өз әсерімен бөлісті
-
09:05, 13 қыркүйек 2026
Бүгін Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлауы мүмкін екені ескертілді





