Астанадағы өрт: ТЖМ тұрғын үй кешенінде оттың таралу қаупі жойылғанын мәлімдеді
© Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі 22 маусымда Астанадағы "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы жанындағы элиталы көпқабатты тұрғын үй кешенінде өрттің таралу қаупі жойылғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, өрт шалған аумақтың алдын ала ауданы 180 шаршы метрді құрайды.
"Өрттің таралу қаупі жойылды. Қызыл жалын шарпыған аумақтың алдын-ала ауданы 180 шаршы метрді құрайды. Өртті жоюға жеке құрамнан 87 адам және 19 бірлік техника жұмылдырылды", делінген хабарламада.
Сондай-ақ ТЖМ бөліскен видеода алдында будақтаған түтіннің тарс тыйылғаны байқалады.
ТЖМ аталған тұрғын үй кешенінен эвакуацияланған сегіз адамның тек біреуі медициналық көмекке жүгінгенін нақтылады.
Айта кетсек, 22 маусымда сағат 15:09-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран көшесі, 37/9 үй мекенжайына аттанды. Өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінің 26 қабатындағы пәтердің сыртқы жабыны жанып жатқанын анықтады. Төтеншеліктер тұрғын үй кешенінен сегіз адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:16, 12 қараша 2025
Алматының Медеу ауданында 60 аула жаңартылып жатыр
-
15:09, 12 қараша 2025
Екі ер адамның қол ұстасуы Қазақстанда заңға қайшы ма – депутат жауап берді
-
14:57, 12 қараша 2025
Алматының Медеу ауданында жыл соңына дейін көше жарығы 100 пайыз қамтамасыз етіледі
-
14:47, 12 қараша 2025
Мемлекет басшысы Валентина Матвиенкомен кездесті
-
14:36, 12 қараша 2025
Түркістан облысында полицейлер 100 келіге жуық заңсыз ауланған балықты тәркіледі





