Астанадағы арнайы ХҚКО қызметкерлері қылмыстық топ құрып, заңсыз схема ұйымдастырған
© Сурет: gov4c.kz
Астанада прокурорлар ҰҚК департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, жүргізуші куәліктерін заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыстық топтың құрамына арнайы ХҚКО қызметкерлері мен делдалдар кірген. Бұл туралы 2026 жылғы 23 қазанда Астана прокуратурасы хабарлады.
Тергеу барысында сыбайластардың өзара міндеттерді бөліскені анықталды. Делдалдар ғимараттың жанында тұрып, теориялық емтихан тапсырушыларға жауаптарды айтып отырған. Ал орталық қызметкерлері ақпараттық базаға практикалық емтиханнан өткені туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізген.
2025 жылы осы алаяқтық схема арқылы 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған.
"Күдіктілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сараланды: 262-бап (Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) және 206-бап (Ақпаратты заңсыз жою немесе түрлендіру)", – деп нақтылады ведомство.
Топтың алты мүшесіне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тағы үшеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылса, бір адам үйқамаққа алынды.
Сондай-ақ жалған жүргізушілердің 74-інің жүргізуші куәліктерінің күші жойылғаны атап өтілді. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:40, 24 қазан 2026
National Geographic фотографы Қазақстан табиғатының ғажайып сұлулығын көрсетті
-
10:10, 24 қазан 2026
Рыбакина Нинбодағы турнирдің жартылай финалына шыққаннан кейін пікір білдірді
-
09:06, 24 қазан 2026
Қазгидромет Алматы, Астана және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады
-
22:38, 23 қазан 2026
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған
-
21:46, 23 қазан 2026
«Гинекологқа да барғанмын»: қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады





