Астанада жеті автобустың бағытын өзгерту ұсынылды
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин 2026 жылғы 14 тамызда мәслихат отырысында елордадағы қоғамдық көлікті дамыту жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Асхат Қарағойшин халықтың өтініштеріне байланысты Астанада жеті автобус маршрутының қозғалыс сызбасын өзгертуді депутаттарға ұсынды.
Атап айтқанда, келесі маршруттар ұсынылды.
- №67 – "Пригородный" тұрғын алабы – Ырыскелді Қажы мешіті;
- №74 – "Ұлы Дала" даңғылы – "Оңтүстік-Шығыс" тұрғын алабы;
- №76 – "Алай" базары – "Железнодорожный" тұрғын алабы;
- №83 – "Өндіріс" тұрғын алабы – теміржол вокзалы;
- №506 – Жансүгіров көшесі – Family Village коттедж қалашығы;
- №507 – "Нұрлы жол" теміржол вокзалы – "Жағалау-4" тұрғын үй кешені;
- №508 – "Нұрлы жол" теміржол вокзалы – Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы.
Қарағойшиннің айтуынша, жаңа маршруттар халық арасында үлкен сұранысқа ие болады. Олар тәулігіне 30 мыңға дейін жолаушы тасымалдай алады.
Бұған дейін Жетісуда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:07, 14 тамыз 2026
Астанадағы тағы бір аудан толық газдандырылуы мүмкін
-
14:56, 14 тамыз 2026
Астанада самокат мінген жасөспірім автобус астына түсті
-
14:47, 14 тамыз 2026
Қазақстанда қай мамандар 1 млн теңгеден көп табыс табады
-
14:36, 14 тамыз 2026
Үй алып беруге уәде еткен: Алаяқ әйел 20 адамды сан соқтырып кетті
-
14:23, 14 тамыз 2026
Әйелдер бұрымынан өрілген көпір: Шымкенттегі «Қатын көпірдің» құпиясы





