Астанада 83 жастағы әжей алаяққа алданып қала жаздады
© Фото: Zakon.kz
Қарт әйел әлеуметтік желіден табысы жоғары деген жалған жарнаманы көрген.
Алаяқтар "табыс табу" үшін халықаралық ақша аударымы арқылы қаражат жіберу және "жұмысқа орналастыру" үшін төлем жасау керегін айтқан.
Ақпаратқа сенген зейнеткер 1300 еуроны аудару үшін банк бөлімшеге барған. Дегенмен бөлімше қызметкерлері күдіктеніп, бірден полицияға хабар берген.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, әйелді ақша аудармауға көндірді. Қарт әйел алаяқтардың құрбаны болудан аман қалды.
Сонымен қатар полицейлер зейнеткердің туыстарын хабардар етті.
Бұған дейін полиция халықаралық ақша аударымдары жүргізілетін бөлімшелерде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, әсіресе қарт адамдарға назар аударуды ескерткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:41, 18 наурыз 2026
Қазақстандықтар мобильді банкингте ақшасынан айырылып қалуы мүмкін қарапайым қателіктер
-
14:36, 18 наурыз 2026
Чемпиондар лигасының алғашқы ширек финалистері белгілі болды
-
14:24, 18 наурыз 2026
Қазақстан екінші жыл қатарынан рекордтық астық жинауда
-
14:11, 18 наурыз 2026
Ибраһим келісімдері, Таяу Шығыстағы ахуал: Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы не туралы сөйлесті
-
14:11, 18 наурыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті





