Астанада заңсыз қоқыс үйінділерінен 2,5 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды
© Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Астанада рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жұмысы қызу жүріп жатыр. Қаланың әр ауданында заң бұзушылықтарды анықтау үшін тұрақты мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдік ақпаратына сүйенсек, 2025 жылдың басынан бері Байқоңыр ауданында 7 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, тазартылды, ол орындардан 230 тонна қоқыс шығарылды. Сарыарқа ауданында да осы жылдың алғашқы айларында 7 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды, оның 6-ауы жойылды. Жұмыс барысында 115 тоннадан астам құрылыс және тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Ауа райы жылынған уақыттан бастап Есіл ауданында 2000 тонна қоқыс шығарылды.
"Сарайшық ауданында сәуір айының соңына дейін 4 учаскені жою жоспарланған. Мысалы, аталмыш ауданда дрон көмегімен заңбұзушылық анықталды. Лас суды төгу сәті дрон көмегімен анықталды, бұл кейіннен мәліметтер (техниканың мемлекеттік нөмірі) одан әрі шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Аудан әкімдігі мен экологиялық полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында заңбұзушы 20 минут ішінде анықталды. Айта кету керек, арнайы техниканың жүргізушісі лас суды төккені және қоршаған ортаны ластағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылды. Жүргізушіге 145 484 теңге айыппұл салынды. Техника айып тұрағына қойылды",- делінген ведомство ақпаратында.
Ал, Нұра ауданында 2025 жылы 4 орыннан 57 тонна қоқыс шығарылды. Мердігер ұйымдардың күштері Тұран, Ұлы дала даңғылдарының және Ш.Айтматов көшелерінің бойындағы учаскелерге жұмылдырылды. Қалалық сенбіліктер кезінде рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмысына құрылыс компанияларын тарту жоспарланып отыр. Жүргізілген мониторинг барысында Алматы ауданында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталған жоқ.
"Осы жылдың 13 наурызында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 344-бабына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес белгіленбеген орындарда қоқыс тастағаны үшін жаза күшейтілді",- деп ескертті әкімдік.
Бұған дейін Алматының Алатау ауданында кезекті заңсыз дүңгіршектер сүрілгендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 22 сәуір 2025
Көкшетауда көпқабатты үйдің қабырғасындағы тартпа құбыры өртенді
-
22:26, 22 сәуір 2025
Денис Евсеев Италиядағы турнирдің бірінші кезеңінде жеңілді
-
22:09, 22 сәуір 2025
Оралда қараусыз қалған тұрғын үйде құрылыс арқалығы құлап, адамды басып қалды
-
21:43, 22 сәуір 2025
Алматы облысында жол талғамайтын көлік аударылып, төрт адам қаза тапты
-
21:33, 22 сәуір 2025
Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті
Танымал жаңалықтар
-
10:09, 22 сәуір 2025
-
11:55, 22 сәуір 2025
-
11:13, 22 сәуір 2025
-
16:44, 22 сәуір 2025
-
09:28, 22 сәуір 2025
-
12:19, 22 сәуір 2025
-
10:16, 22 сәуір 2025
-
11:12, 22 сәуір 2025
-
13:33, 22 сәуір 2025
-
18:03, 22 сәуір 2025
-
17:07, 22 сәуір 2025
-
13:17, 22 сәуір 2025
-
09:16, 22 сәуір 2025
-
13:47, 22 сәуір 2025
-
10:36, 22 сәуір 2025